23
сәуір
2025
Жазушы, публицист Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, ШҚО филиалының төрағасы Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаевпен әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 23-сәуірінде "Ұлттық кітап" күніне орай, Шығыс Қазақстан облысы Білім Басқармасының Өскемен қалаласы бойынша "№50 жалпы білім беретін мектебі" КММ, жазушы, публицист Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, ШҚО филиалының төрағасы Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаевпен әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Аталмыш шараға мектеп әкімшілігі ұстаздар және де 8-10 сынып оқушылары белсене қатысты. Қаламгер өзінің санқилы ғұмырнамасынан естеліктерді тілге тиек етіп, әдебиет пен мәдениет жайында пікірлерін ортаға салды. Кеш барысында оқушылар жазушыға түрлі сұрақтар қойып, әдеби кештің сәнін кіргізді. Ұйымдасқан шараға қаламгер өзінің ақжарма тілегін білдіріп, мектеп ұжымына алғыс айтты.