10
қыркүйек
2024
Кусметова Гаухар Тюспековна- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Кусметова Гаухар Тюспековна 1 тамыз 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы Ульян ауылында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің химия- биология мамандығы бойынша бітірді. Білімі жоғары, біліктілігі: педагог-модератор, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Педагогикалық еңбек жолын 2012 жылы «Яры негізгі орта мектебі» КММ география мұғалімі болып бастады. 2019 жылдан бастап «Алтынбел орта мектебі» КММ химия пәні мұғалімі болып жұмыс жасады. 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№50 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді.