Сакалова Гульжан Казизовна- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Сакалова Гульжан Казизовна 5 қараша 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді. Білімі жоғары, біліктілігі: педагог-зерттеуші, екінші санатты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Педагогикалық еңбек жолын 2006 жылы «Көктерек орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастады. 2011 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2019 жылдан бастап Өскемен қаласында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді. 2024 жылдық қыркүйегінен бастап “№50 жалпы білім беретін мектеп” КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.