15
мамыр
2025
"Мектепалды даярлық сыныптарын оқытуда ойын тәсілдері арқылы қызығушылығын арттыру» атты қалалық семинар өткізілді.
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ " Өсү нүктесі" ретінде базалық потенциалды метептермен жұмысы аясында "№50 жалпы білім беретін мектепте" КММ «Мектепалды даярлық сыныптарын оқытуда ойын тәсілдері арқылы қызығушылығын арттыру» атты қалалық семинар өткізілді. Семинар барысында мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілері өз тәжірибелерімен бөлісті. Сулейменова А.Д «1-ден 10-ға дейінгі сандарды ойлап отырып ойнау ұйымдастырылған іс-әрекеті» атты ашық сабақ өткізді. Жатаганова А.К мен Қадылбековна Е.Ә «Мектепалды даярлық сыныптарын оқытуда ойын тәсілдерін қолдана отырып, ертегілер арқылы қызығушылығын арттыру» атты шеберлік сабағында өз өнерлерін көрсетті.